Басты Жаңалықтар Қытайда жанармай бағасы қымбаттады

Қытайда жанармай бағасы қымбаттады

Қытайда жанармай тағы да қымбаттады. Бензин мен дизельдің литрі кейбір шалғай өңірлерде 9 юаннан асты. Біздің ақшамен санасақ, шамамен 580–700 теңге аралығында сатылып жатыр. Биыл нарықтағы бағаға 18 рет түзету енгізіліп, соның 12-сінде баға көтерілген. Ал бұл жолы 14 теңгеге өсті. «Бұған Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс, халықаралық мұнай құнының құбылуы түрткі», деп түсіндіріп отыр қытайлық сарапшылар. Алайда бұл бағаның өсуіне әсер еткен жалғыз фактор емес. Алып елдегі логистика, провинциялар мен аудандардағы салық саясатының әр алуандығы да әсер етіп отыр.

Ли Дин Сян, автокөлік сатып алушы:

Бензинмен жүретін көліктердің күнделікті шығындары күрт өсті. Мен бұрын жанармайға айына шамамен 1300 юань жұмсайтынмын. Енді міне толық электрлі көлікке ауысқаннан кейін жағдай мүлде өзгерді. Қазір ай сайынғы шығыным 200 юань ғана. Бұл қаражатқа едәуір үнем.


Бөлісу