Қазақтың әйгілі батыры Ер Жәнібектің 300 жылдығына арналған іс-шаралар басталады
|
Қазақ жерін шапқыншылардан азат етуде ерен ерлік көрсеткен әйгілі Жәнібек Бердәулетұлының туғанына биыл 300 жыл толып отыр.
Республикамыздың жер-жерінде тойланып жатқан мерейтой аясында Астана қаласында да арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. 17 маусымда Ер Жәнібек рухына арналған ақындар айтысы басталады.
19 маусым күні Қоянды ауылы орталығында батыр есімімен аталатын көше салтанатты түрде ашылмақ. Сонымен қатар, батырдың атқа мінген тұлғасы орнайтын ескерткіштің ірге тасын қалау рәсімі өтеді.
Салтанатты кешпен жалғасын табатын шараға ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Ақмола облысы әкімдігінің, ҚР Дене шынықтыру және Спорт агенттігінің басшылары мен әлем чемпиондары, ақын-жазушы, ғалымдар, шетелден келген сыйлы қонақтар қатысады.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы нәтижесін бере бастады
12.06.2026, 10:19
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14