«Таңшолпанда» - тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан

02.10.2015
 «Таңшолпанда» - тарих ғылымдарының кандидаты  Әлімғазы Дәулетхан

 

Бүгін «Таңшолпанда» тарих ғылымдарының кандидаты  Әлімғазы Дәулетхан қонақ болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен Байтайлақ батырды еске алуға арналған конференция туралы айтты.

«Қазақ-жоңғар шайқасында толарсақтан саз кешіп, елін, жерін қорғаған, ұлан-байтақ жерімізді бізге мұра етіп қалдыруға үлес қосқан ер Жәнібектің ағасы әрі ұстазы болған  Байтайлақ батыр ескерткішінің ашылуына қатыстым. 17,5 метрлік  ескерткіш Жарма ауданындағы  Жәнібек батыр ескерткішінің қасына орнатылды. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Қытай, Моңғолиядан келген өкілдер қатысты», - дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу