Елордада «Білге Тоныкөк» жинағының таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Білге Тоныкөк» жинағының таныстырылымы өтті

29.04.2020

Елордада «Білге Тоныкөк» жинағының таныстырылымы өтті. Кітапта Тоныкөк ескерткішінің 12 тілдегі аудармасы мен ғылыми транскрипциясы топтастырылған. Әлемнің белгілі түрколог ғалымдары мен ЮНЕСКО ұйымының өкілі қатысқан бейне конференцияда Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналған шаралар талқыланды. Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылыдығы осы «Білге Тоныкөк» кітабының тұсаукесерімен ашылды. Ғылыми жинақтың тұсауын кескен ғалым, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков Тоныкөк ескерткіші түркі өркениетінің айғағы, әлемдік өркениеттегі түркі халықтарының тарихи негізі екенін айтты.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу