Қаймағы бұзылмаған қазақ дәстүрі, жыр-қиссалар, дастандар қайта жаңғырды. 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында өмір сүрген сыр сүлейлерінің ізімен жазылған «Сәруар сарын» атты жыр жинағының таныстырылымы өтті. Туындының авторы Ләйлі Құндақбай кітапты үш негізгі тарауға бөлген. Алғашқы бөлімінде ертеректе жазылған жырлар басылса, екінші тарау осы кітапқа арнайы шығарылған дастандардан тұрады. Ал соңғы бөлімінде әлемге танылған шайырлардың туындылары аударылған. Кітап 1 мың дана болып басылды. Оны кітапханалардан бөлек, арнаулы дүкендерден сатып алуға да болады.
Ләйлі Құндақбай, ақын, аудармашы:
Бұл кітаптың өзі қазақтың руханиятына үлес қосуға мақсат етіп жазылған дүниелерден тұрады. Кешегі кеңестік кезеңде сыр шайырларының поэзиясы үзіліп қалды. Қазақ әдебиетіне енбей қалды. Біз сол өзегі үзіліп қала жаздаған өнерді жалғауды мақсат етіп, қазір жалғастырып, соны халыққа ұсынып отырмыз.
Оңғар Алпысбайұлы