«Байқоңырда» тұңғыш рет ұлттық ойындар жарысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Байқоңырда» тұңғыш рет ұлттық ойындар жарысы өтеді

26.05.2014
«Байқоңырда» тұңғыш рет ұлттық ойындар жарысы өтеді
 
2 маусым күні  «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен қаланың құрылғанына 59 жыл толуы аталып өтіледі.
 
1955 жылдың дәл осы күні қазақ даласында әскери полигонды құру жөніндегі директиваға қол қойылды. Сол уақыттан бері айтулы күн «Байқоңыр» ғарыш айлағының туған күні ретінде аталып келеді.

Бұл күні «Байқоңыр» қаласында мәдени және спорттық бағдарламалар көрсетіледі. Сонымен бірге, орталық алаңда Ресей Федерациясының әуе-ғарыш қорғаныс әскерінің ансамблі мерекеге орай концерт қояды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, қала күнінде  алғаш рет ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылады. 1 маусымда ұлттық спорт түрлерінен облыстық деңгейдегі жарыстың салтанатты ашылуы болады. Онда тоғызқұмалақ, қазақша күрес, асық ату сияқты спорт түрлерінен спортшылар бақтарын сынайды.

Келесі күні қалалық мәдениет үйінде қаланың туған күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Кешкісін қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама ұсынылады.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу