Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді

26.10.2023

«Ұлы дала дүбірі». Бұл келесі жылы Қазақстанда өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басты ұраны. Дүбірлі додаға 100-ден астам мемлекеттен 4 мыңға жуық спортшы қатысып, ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен сайысқа түседі. Жаһандық жарысты тамашалауға 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарлануда. Осыған орай, елордада 30 мың көрерменге арналған «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылмақ. Естеріңізге салайық, 2014 басталған көшпенділер ойындарының алғашқы үш жарысы Қырғызстанда өтті. Ал соңғысы былтыр Түркияның Изник шаһарында ұйымдастырылған еді.

Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде алғаш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет өтейін деп отыр. Жалпы бұл ойындар көшпелі халықтар өркениетінің мұрасы ретінде этноспорт, этномәдени қозғалысын дамытуға бағытталады. Осы ауқымды іс-шара арқылы біз көшпелілер тарихын жас ұрпаққа насихаттаймыз. Ежелгі бәстүрлерді жаңғырту арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысқа жаңа серпін береміз.
Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу