Ұлттық ойындар спартакиадасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ойындар спартакиадасы өтеді

14.03.2014
Ұлттық ойындар спартакиадасы өтеді
19 наурыз күні Астанада «Асығың алшысынан түссін» студенттер мен журналистер арасындағы республикалық ұлттық ойындар спартакиадасы өтеді. Доданы  С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және «Абырой» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.
 
Ондағы мақсат – ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлтық ойындарын насихаттау.
 
Спартакиада барысында қазақтың ұлттық спорт түрлері - Ләңгі, Асық ойыны, Жамбы ату, Қазақ күресі, Арқан тарту және тоғызқұмалақтан жарыс өтеді.
 
Асқан шеберлікпен аяқтың ептілігін қажет ететін, «Ләңгі» ойынын жаңғырту мақсатында журналистер мен студенттер арасында ерекше жарыс ұйымдастырылмақ.
 
Мұнда бір команда құрамында бес ойыншыдан болуы шарт. Командалар дайындық жүргізгісі келген жағдайда университеттің спорт залын пайдалану мүмкіндігіне ие.

Хабарламаларға жазылу