«Қазмедиа» орталығында үстел теннисінен жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазмедиа» орталығында үстел теннисінен жарыс өтті

25.05.2014
«Қазмедиа» орталығында үстел теннисінен жарыс өтті
Бүгін «Қазмедиа» орталығында үстел теннисінен турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа «Қазмедиа» орталығы қызметкерлері мен республикалық БАҚ өкілдері қатысты.
 
Қыздар бәсекесінде «Қазақстан» РТРК АҚ коммерциялық бөлімінің қызметкері Динара Хайыргелдина жеңіске жетті. Екінші орынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Сенбілік таң» бағдарламасының журналисі Әйгерім Рахатқызы иеленді. Үшінші орын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының дизайнерлік бөлімінің қызметкері Сәуле Үмбаевға бұйырды.
 
Ерлер бәсекесінде бірінші және екінші орында «Хабар» арнасының телеоператорлары Бауыржан Сыздықов пен Әнуарбек Тәуекелов иеленді. «Қазмедиа» орталығының қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Авьиса Лауланбеков үшінші орын алды.
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом табыс етілді.

Хабарламаларға жазылу