Халықаралық турнирде пара үстел теннисінен 78 жастағы спортшы күміс жүлде алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық турнирде пара үстел теннисінен 78 жастағы спортшы күміс жүлде алды

02.03.2024

Астанада өтіп жатқан пара үстел теннисінен халықаралық турнирде 78 жастағы Галиа Беспалая күміс жүлде алды. Ең егде спортшымыз 1-ші және екінші санат бойынша жарысқа қатысқан. Ол пара үстел теннисі бойынша Қазақстанның 23 дүркін чемпионы. Бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 25 жылға жуықтаған. Жалпы, бұл халқаралық турнир елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жарыс кеше басталды. Наурыздың 3-не дейін жалғасады. Турнирге әлемнің 20-ға жуық елінен 150-дей спортшы қатысып жатыр. Ал Қазақстанның атынан 11 санат бойынша 53 спортшы бақ сынауда.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу