Қытайдың Инцзян уезіндегі зілзала салдарынан 300 мыңнан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Синьхуа.
«Сенбіде сағат 4:49-да күші 5,6 балдық жер сілкінісі болды. 19:40 кезіндегі жағдай бойынша одан 311 мың адам зардап шеккен. Сонымен бірге, өңірлік инфрақұрылымның бөлек нысандарына да шығын келтірілді»,-делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 4312 отбасының тұрғын үйі қирап, үлкен көлемде залал келтірілген.
Жер сілкінісінен жергілікті инфрақұрылымға, оның ішінде энергетикалық, көліктік нысандарға едәуір шығын келіп отыр,-дейді Инцзян уезі әкімшілігінің басшысы Вэй Ган.
Қазіргі кезде аталған жердің аумағында 3 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істеуде. 10,1 мың адам шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілді.
|