Қытай: Нөсер жаңбыр салдарынан 19 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай: Нөсер жаңбыр салдарынан 19 адам мерт болды

11.05.2014
Қытай: Нөсер жаңбыр салдарынан 19 адам мерт болды
 
Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қытайдағы ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан 19 адам құрбан болып, 130 мыңға жуығы зардап шекті.
 
Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05.48 шамасында Шығыс Қытайдағы Шаньдун провинциясының Циндао қаласында жауын салдарынан зауыттардың бірінің сүйеніш қабырғасы құлап, 18 адамның өмірін қиды, тағы үшеуі жараланды.
 
Орталық Қытайдағы Хунань провинциясында нөсер жауын бір адамның өмірін жалмады, 10 мыңға жуық адам көшірілді. Апаттан 112 мыңға жуық жергілікті тұрғын зардап шекті.
 
Ал Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономдық ауданында нөсерден 16,3 мың адам зардап шекті. Апат салдарынан 9 ғимарат қирап, 500-ден астам адам шұғыл түрде көшірілді.
 
Адам шығыны туралы мәліметтер келіп түскен жоқ. Мұнда апат салдарын жою жұмыстары жүргізілуде, деп жазады ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу