Астананың кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады
|
Астанада 25 мамырдан 15 маусымға дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады.
Атап айтқанда, Оқжетпес көшесі К.Байсейітова көшесінен Герцен көшесіне дейін; Дулатов көшесі Герцен көшесінен Көктал көшесіне дейін жабылады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Көлік және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстары кезінде қалалық қоғамдық көлік қозғалысы төмендегідей өзгертіледі: 12 бағыт автобусы К. Байсейітова көшесі - Фахд бен Абдул Азиз көшесі - Ақан Сері көшесі - Қарталы көшесі - Карбышев көшесі - Герцен көшесі - №19 мектеп -Дулатов көшесі (уақытша соңғы аялдама) кестесі бойынша қатынайды.
№ 16, 42 бағыт автобусы Герцен көшесі - №19 мектеп - Дулатов көшесі (уақытша соңғы аялдама) кестесі бойынша жүреді.
№5 бағыт автобусы Герцен көшесі - Карбышев көшесі - Қарталы көшесі - Ақан Сері көшесі - Фахд бен Абдул Азиз көшесі - К.Байсейітова көшесімен барып, одан әрі бұрынғы кестемен жүреді.
№ 109 бағыт «Ет комбинаты» бастапқы пунктінен Герцен көшесіне дейін өзгеріссіз, одан әрі Карбышев көшесі - Қарталы көшесі - Ақан Сері көшесі - Фахд бен Абдул Азиз көшесі - Ш.Бейсекова көшесімен барып, одан әрі бұрынғы кестемен жүреді.
Осыған байланысты жол-құрылыс жұмыстары кезінде аталған көшелерде қажетті ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05