Жолаушылар пойызының жол жүру кестесі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушылар пойызының жол жүру кестесі өзгерді

09.11.2020

Бүгіннен бастап бірнеше жолаушылар пойыздарының жол жүру кестесі өзгерді. Бұл коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған мәжбүрлі шара. 

Атап айтсақ, «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызы енді күнара қатынайды. Ал, «Павлодар – Алматы» жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша жүреді. «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Өскемен-1» мен «Алматы-2 - Өскемен-1» жолаушылар пойыздарының жыл соңына дейін күнара қатынауы ұзартылады. Қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады. 

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының экрандағы станцияларынан өзгелеріне билеттерді сатуға және жолаушыларды отырғызып, түсіруге уақытша тыйым салынады. Тыйым салынған тұрақтарға рәсімделген билеттердің қаражаты толық көлемде қайтарылады. Ал, Петропавлдан жол жүру үшін жолаушылардың қолында 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижелі ПТР-тестілеудің анықтамасы болуы міндет. Сондай-ақ теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар мен шығарып салушыларға кіруге тыйым салынады.

Ләйлә Дулатқызы 

жолаушылар пойызы жол жүру кестесі ПТР-тест станция билет

Хабарламаларға жазылу