Қазақстандық хоккейшілердің сәтсіздігіне бас бапкер өзін кінәлі деп есептейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық хоккейшілердің сәтсіздігіне бас бапкер өзін кінәлі деп есептейді

19.05.2014
Қазақстандық хоккейшілердің сәтсіздігіне бас бапкер өзін кінәлі деп есептейді
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селин Швейцария құрамасымен өткен кездесуден кейін ойын туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды vesti.kz.
 
«Ең бірінші осы жарыста Швейцарияны жеңісімен құттықтаймын. Біз бұл ойынға дайын болмадық және қарсыластар сынды 60 минут бойы мұндай деңгейде ойнау қиын болды. Жеңілістің себебін дәл қазір айту қиын. Алайда барлық жауапкершілікті мен өз мойныма аламын. Бүгін көп ойыншылар өз деңгейінде өнер көрсете алған жоқ. Өкінішке қарай, келесі жылы біз Прагаға бара алмаймыз. Бұл біздің ең үлкен мақсатымыз еді, алайда енді ол жоқ»,- деді Ари-Пекка Селин.
 
«Бірақ жоғары дивизионнан шығып қалсақ та, Финляндиямен болатын соңғы ойында тек жеңіс үшін мұзайдынға шығамыз»,- деді Ари-Пекка Селин.
 
Еске сала кетейік, хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы швейцариялық хоккейшіәлерден жеңіліс тауып, Әлем чемпионатының элиталық дивизионынан шығып қалған болатын.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу