Елордалық полицейлер жолды тыйым салынған жерлерден кесіп өткен жолаушыларға айыппұл салуда. Жолдың тыйым салынған бөлігінен және бағдаршамның қызыл шамы жанғанда кесіп өткені үшін салынатын айыппұл көлемі 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ал жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жаяу жүргіншілер 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.