Жол жүру ережесін бұзғандарға жаза күшейтілді
Жыл басынан бері Астана қаласының жолдарында 23 жаяу жүргінші жәбірленді. 12 деректе жаяу жүргіншілер анықталмаған жерден жүгіріп өткен. Осыған орай жол-патрульдік полициясы жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтті.
Қазіргі таңда полицейлер тәртіп бұзған адамдарға жай ғана ескерту жасап қоймай, оларды бірден әкімшілік жауапкершілікке тартады. Жолды анықталмаған жерден кесіп өткені үшін 9 910 теңге айыппұл төлейді.
Егер әкімшілік жазаға салынғаннан кейін, бір жылдың ішінде заң бұзушылық қайталанатын жағдайда, айыппұл шамамен 30 мың теңгеге дейін жетеді.
Жыл басынан бері жол жүру ережесін бұзғаны үшін 2 591 жаяу жүргінші анықталды. Оларға қатысты жалпы сомасы 25,5 миллион теңге айыппұл салынған.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды
20.07.2026, 17:39
Испания Әлем чемпионы атанды
20.07.2026, 17:37
QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды
20.07.2026, 17:31
Қостанайда орман ішінде экосаябақ салынып жатыр
20.07.2026, 17:26
ОСК Қазақстан халық партиясының кандидаттарын тіркеді
20.07.2026, 17:22
Ресейде бюджет тапшылығы үдеп барады
20.07.2026, 17:18
Нидерландта құрғақшылық күшейіп, су тапшылығы режимі енгізілді
20.07.2026, 17:16
АҚШ пен Иран шабуылды тоқтатқан жоқ
20.07.2026, 17:16