Алматыда жеңіл көлік иесіне 2 млн теңге айыппұл салынды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, Ресейде тіркелген көлікті тізгіндеген жүргізуші 92 рет жол ережесін бұзған. Сондай-ақ жуырда ғана шетелдік нөмір таққан тағы екі көлік анықталып, иелері 800 мың теңге айыппұл төлеген. Жалпы шаһарада жыл басынан бері 3500 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелген.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматылық тұрғынға 2 млн айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/177147/)