АЭФ аясында Астанада жастар форумы өтеді
|
21-23 мамыр күндері өтетін VII Астана экономикалық форумының аясында Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасында «Экономикалық ықпалдастық пен «жасыл технологиялар»: жастардың қосар үлесі» атты III Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы ұйымдастырылады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
«Форум жұмысы мемлекетаралық экономикалық ықпалдастық саласындағы халықаралық студенттік және жастардың үкіметтік емес ұйымдары арасында қарым-қатынастарды орнатуға арналған.
Шара бағдарламасы аясында халықаралық экономикалық қарым-қатынастар саласындағы шетелдік және қазақстандық сарапшыларының панельдік сессиялары мен шеберлік сыныптары өткізіледі», - делінген хабарламада.
Оған шамамен шетелден және Қазақстаннан 150-ге тарта қатысушы келеді деп күтілуде.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, жастар форумын ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитет, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ, Орал мемлекеттік экономикалық университеті ұйымдастыруда.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09