Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтуде

29.10.2015
Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтуде

Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтіп жатыр. Форумның басты мақсаты дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық-сарапшылық сүйемелдеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың жаңа инновациялық әдістерін әзірлеу, елдегі діни білім беру сапасын арттыру жұмыстарын жетілдіру.

Форум аясында еліміздің жалпы білім беру мекемелеріндегі «Дінтану негіздері» факультативті курсының үздік мұғалімдерін, Дін істері басқармаларының, Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы Діни мәселелерді зерттеу орталықтарының қызметкерлерін, экстремизмге қарсы спектакльдер мен фильмдердің режиссерлері мен сценаристерін марапаттау рәсімі өтеді.

Хабарламаларға жазылу