Бүгін - VII Астана экономикалық форумы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - VII Астана экономикалық форумы басталады

21.05.2014
Бүгін - VII Астана экономикалық форумы басталады
Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайы мен  Бейбітшілік және Келісім сарайында VII Астана экономикалық форумы басталады.
 
Астана экономикалық форумы – әлемнің ең ірі халықаралық форумдарының бірі. Жаһандық жиынға әлемнің 150 елінен 10 000-нан астам қатысушы келеді.
 
2008 жылдан бастап, АЭФ қазіргі заманның басты экономикалық және әлеуметтік проблемаларымен күресудің жолдарын іздестіру үшін жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін жинайды.
 
Форум аясында 70-ке жуық шара өтеді. Экономикалық форум барысында  дағдарысқа қарсы II Дүниежүзілік конференция ұйымдастырылады. Сондай-ақ, елімізде өтетін EXPO-2017халықаралық көрмесін насихаттау жұмыстары жүргізілмек.

Хабарламаларға жазылу