Екі тілде сөйлейтін робот Санкт-Петербургтегі көрмеге қойылды
|
Санкт-Петербургте Астана күндері өтуде. Таңертең Смольныйда Ресейдің солтүстік астанасының губернаторы Георгий Полтавченко мен оның әріптесі Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтіңресми кездесуі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұдан кейін олар Петропавл қамалы жанында қазақ қолөнер шеберлерінің қолданбалы өнер экспозициясын ашты. Нева жағалауында тұтастай киіз үй қалашығы орнады. Онда қыштан қолөнер заттарын жасайтын үй, хан ордасы және аңшылық үйі тігілген.
Көрмеге киізден, жібектен және теріден жасалған бұйымдар қойылған. Көзешілер мен зергерлер өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Интерактивті киіз үйдің көмегімен қазіргі заманмен байланыс шебер өрілген. Онда робот Саматтұрады. Ол кез келген сұраққа екі тілде жауап береді.
Қоян аралында ресейлік және қазақстандық қалалардың басшылары екі елдің сауда-экономикалық, іскерлік және мәдени ынтымақтастығының кеңейтілуі құрметіне болашақ ұрпақтарға арналған капсула салды. Астана күндері шаралары одан әрі жалғасуда.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08