Бекіре балығы азайып барады
Бекіре балығы басқа балықтардан етінің дәмділігімен, уылдырығының құндылығымен ерекшеленеді. Бұл балықтан алынған желім майы тұрмыста ағаштарды желімдеуге пайдаланылады.
Сондай-ақ, бұл май өкпе ауруларына таптырмас ем. Алайда, бекіре балығы жойылуға жақын тұр. Соңғы он жылда бекіре балығы 61 миллионнан 1,5 миллионға азайған.
Әлемде бекіре тектес балықтардың 12 түрі бар, әл біздің елімізде 8 түрі кездеседі. Бекіренің өзге балықтардан ерекшелігі – оның уылдырығы бағалы. Бір келісі 200 мың теңгеге дейін барады. Елімізде өндірілген уылдырықтың 85 пайызын АҚШ сатып әкетеді. Оның үстіне бұл балықтар тез бейімделгіш, өсімтал.
Бекіренің қорытпа деген түрінің салмағы бір тоннаға жуықтайды. Бұл балықтар 100 жылға дейін жасайды.
Балықтың төресі – бекірені көбейту жұмыстары қаншалықты қолға алынған? Бұл туралы «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жоғалды делінген қазақтың құжаттары Ресейде табылды
03.12.2025, 13:30
Қызылорда мектептері мен колледждері экосабақ өткізді
03.12.2025, 13:27
Ташкент айналасында да «Жасыл белдеу» пайда болады
03.12.2025, 13:24
Азияның оңтүстігі мен шығысында жаңбыр көбейеді
03.12.2025, 13:21
11 жыл бұрын жоғалған ұшақты қайта іздейтін болды
03.12.2025, 13:18
Болгария үкіметі халықпен санасуға мәжбүр болды
03.12.2025, 13:15
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы халқы таза суға зар болып отыр
03.12.2025, 13:12
Тілшінің араласуымен Рудныйдағы құрылысшылар айлығын алды
03.12.2025, 13:09