Қызылорда: Әскери бөлім сарбаздары судан уланған
Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қаладағы№55/47 әскери бөлімінің сарбаздары арасында бір мезгілде топтасқан жедел ішек ауруының тіркелуіне байланысты түскен құжаттарды зерделеп, төмендегідей эпидемиологиялық алдын-ала тұжырымдаманы ұсынды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «ҚазАқпарат» хабарлады.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түскен 27 науқастың бактериологиялық зерттеу қорытындысында «дизентерия Флекснера II-а» қоздырғышы анықталды. Аталмыш ауру су арқылы таралады.
Эпидемиологиялық тұжырымдамада аурудың су арқылы таралғаны расталғанымен, жалпы елді мекеннің су жүйсіне қатысты емес екені хабарланған.
«Ауызсудың сапасыз екені анықталды. Алайда Қызылжарма ауылы тұрғындары арасында ауру белгісі тіркелмеуі - мәселенің әскери бөлімнің су жүйесімен байланысты екенін көрсетеді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған әскери бөлімнің сарбаздары дәрігерлердің бақылауында. Сондай-ақ, аурудың алдын-алу мақсатында Қызылжарма ауылының тұрғындарына бактериофагтар таратылуда. Ал, әскери бөлімнің ішкі су жүйесіне 17 сәуір күні залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08