«Астана арландары» - «Baku Fires». Жартылай финалға шығатын «арландар» белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» - «Baku Fires». Жартылай финалға шығатын «арландар» белгілі болды

17.05.2014
«Астана арландары» - «Baku Fires». Жартылай финалға шығатын «арландар» белгілі болды
Қазақстандық «Астана арландары» бокс клубы Дүниежүзілік бокс сериясының жартылай финалында әзірбайжандық «Baku Fires» командасымен өтетін алғашқы кездесуде шаршы алаңға шығатын боксшылардың есімін жариялады.
 
Клубтың бас директоры Болат Манкенов негізгі және қосалқы боксшылардың есімдерін атады. 49 келіде Мардан Берікбаев шығады. Оны Теміртас Жүсіпов алмастыруы мүмкін. 56 келіде Мәди Шолақов жұдырықтасады. Оны алмастыратын боксшы - Бағдат Әлімбеков.
 
64 келіде Жәнібек Әжібайға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл салмақтағы Асхат Уәлиханов екінші тізімге енгізілді.  Жанкүйерлер 75 келіде Ерік Әлжановті шаршы алаңда көре алады. Сергей Деревянченко оны ауыстыруға дайын.
 
Соңғы болып шаршы алаңға 91 келі салмақта Василий Левит шығады. Екінші құрамда - Арбек Абдуганиев. Ал әзірбайжандық команданың құрамы әлі жарияланған жоқ.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымында әзірбайжандық «Baku Fires» командасымен кездеседі. Бірінші кездесу 26 сәуірде Астанада, ал қарымта матч 3 мамырда Бакуде өтеді. Елордадағы кездесу 20:00-де басталады және республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Билет құны – 1000 теңге.
 
Айта кетейік, бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар,www.kazsporttv.kz сайты арқылы онлайн-трансляция жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу