WSB. «Astana Arlans» финалға өте алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. «Astana Arlans» финалға өте алмады

04.05.2014
WSB. «Astana Arlans» финалға өте алмады
Кеше, 3 мамырда Әзірбайжан қаласы Губада «Astana Arlans» әзірбайжандық «Baku Fires» командасымен Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жартылай финалының екінші кезеңінде кездесті. 1-4 есебімен әзірбайжандықтардың пайдасына шешілген жекпе-жектен кейін «Astana Arlans» биылғы маусымды аяқтады. Яғни, финалға «Baku Fires» өтті.
 
Бокс кешінде «арландар» сапынан 52 келідегі Ілияс Сүлейменов пен 60 келідегі Самат Бәшенов, 69 келіде Манат Өмірзақов төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Тек 81 келідегі Хрвое Септіңмерейі үстем болды.
 
Осы жекпе-жектерден кейін жалпы есеп 4-5 болып, әзірбайжандықтар финалға жақындай түскен-ді.
 
91 келіден жоғары салмақтағы «арлан» - Филипп Хргович әзірбайжандық Хаджи Муртузалиевтің жекпе-жегі шешуші шайқас болды. Қарсыластан гөрі соққысы жиі дарыған Филипп Хргович Хаджи Муртузалиевті бір рет нокдаунға да жіберді. Алайда, Филипп Хрговичтің басымдығымен аяқталған жекпе-жекте неге екені белгісіз төрешілер «Baku Fires» боксшысын жеңімпаз деп таныды.
 
Осылайша, есеп 5:5 болған жағдайда мықтының кім екенін анықтауға тиісті қосымша жұп -  81 келідегі Әділбек Ниязымбетов пен Тимур Маммадовтің шаршы алаңға шығуына қажеттілік болмай қалды.
 
Сонымен, «Baku Fires» жартылай финалдың қос кездесуіндегі ұпай саны бойынша 6-4 есебімен финалға өтті. Финалда әзірбайжандықтар Куба командасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу