Бүгін Астанада республикалық Әлкей Марғұлан оқулары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада республикалық Әлкей Марғұлан оқулары өтеді

14.05.2014
Бүгін Астанада республикалық Әлкей Марғұлан оқулары өтеді
Бүгін Астанадағы Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектепте филолог, археолог, этногроф, тарихшы, академик Әлкей Марғұланның мұраларын насихаттау мақсатында «Әлкей Марғұлан мұрасы - ұлттың рухани байлығы» атты республикалық Марғұлан оқулары өтеді.
 
Ұйымдастырушы - Астана қаласының Білім басқармасы, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.
 
Шараға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ф.ғ.д. Мырзатай Жолдасбеков,  Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы ф.ғ.к. Ербол Тілешов, Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Археология институтының қызметкері т.ғ.к. Серғазы Сәкенов, Тұран-Астана университетінің пофессоры, п.ғ.к. Мұхамедрахым Құрсабаев  қатысады.
 
Конференция мақсаты - ғалымның мол мұрасын насихаттау.  
 
ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу