Ақтөбеде академик Әлкей Марғұланды еске алуға арналған «Рухани жаңғыру және археологиялық мұра. Марғұлан оқулары – 2018» атты халықаралық конференция өтті. Екі күн бойы еліміздің аймақтарынан және Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыз елінен келген тарихшылар, археологтар, өлкетанушылар мен этнографтар Қазақстанның киелі жерлері туралы баяндады.
Сондай-ақ, конференцияға академиктің қызы Данель Марғұлан да қатысты. Ол әкесінің осы саладағы еңбектерін айтып еске алды. Шығыстанушы Әлкей Марғұлан Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеген. Әйгілі Беғазы-Дәндібай мәдениетін алғаш ашқан. Әрі археология және этнография мектебінің негізін қалаушы.
Данель Марғұлан, Ә.Марғұланның қызы:
- Мен осыған дейін Ақтөбеде болған емеспін. Ерекше әсерде тұрмын. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары әкем батыс өңірінде қазба жұмыстарын жүргізді. Кейін, ол батыстан шығысқа қарай 1000 шақырым жүріп, Шыңғыстау, Тарбағатай тауларын аралады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде академик Әлкей Марғұланды еске алуға арналған халықаралық конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/60319/)