Гүл егіп, айналаны тазартайық! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүл егіп, айналаны тазартайық!

16.09.2014
Гүл егіп, айналаны тазартайық!

Астанадағы Әлкей Марғұлан атындағы №40-шы мектеп көгалдандыруға көп мән беретін оқу ордасы. Мұнда, тіпті гүлдің 40-50 түрін өсіретін «Өсімдікжай» да бар.

Бүгінде осы салаға көп қаржы бөлінгенмен, өсімдікті күтіп баптау тәсілдері жеткіліксіз. Әсіресе, мектепте. Мамандардың пікірі осыған саяды.

Балалар гүлдің, ағаштың қай түрі болсын, елдің қай өңірінде өсетінін білуі тиіс.

Бүгін осыған қатысты өткен семинар барысында мектеп ұстаздары мен балабақша тәрбиешілері Астананың сазды жеріне шыдайтын ағаштар туралы, сондай-ақ, мектеп қабырғасында өсірілетін өсімдіктер туралы көп мағлұмат алды.

Ламбриан ТОПУЗИДИС

 

Хабарламаларға жазылу