«Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды

28.12.2022

«Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Қаныш. Қазына» телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды. Тарихи туынды Аргентинада өткен үшінші «Literature in Cinema» кинофестивалінде «Ең үздік фильм» аталымын жеңіп алды. Телеөнім кинопрокатқа 2023 жылдың қаңтар айында шығады. Бұл халықаралық фестиваль - әдеби негіздегі туындылардың марапаттау шарасы. Мұнда өмірбаяндық және деректі фильмдер, сондай-ақ әдеби шығарма негізінде түсірілген кинолар бақ сынайды.

Сонымен қатар, 7-8 қаңтар күндері «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тағы бір тарихи туындысы - тарихшы, ғалым Әлкей Марғұлан туралы 4 бөлімді «Әлкей. Ғұлама ғұмыр» сериалы эфирге шығады.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу