Елдің бірқатар қаласында 13 мамыр күні интернет жылдамдығы бәсеңдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің бірқатар қаласында 13 мамыр күні интернет жылдамдығы бәсеңдейді

12.05.2014
Елдің бірқатар қаласында 13 мамыр күні интернет жылдамдығы бәсеңдейді
«Қазақтелеком» АҚ КСД-да  жетілдіру және желінің тұрақтылығына қатысты шаралардың жүргізілуіне байланысты 13 мамыр күні Астана уақыты бойынша сағат 02.00-ден 06.00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертеді.
 
Тиісінше, Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Тараз, Атырау, Шымкент қалаларындағы КСД-ның (Корпоративті сатылымдар дирекциясы) тұтынушылары ADSL, IPTV, VPN, IP құрылғыларының жұмысы бәсеңдейді.

Хабарламаларға жазылу