Шымкентте диаметрі 3 сантиметрге дейін жететін бұршақты жауын жауды
Кеше Шымкентте ауа райы күрт бұзылып, жаңбыр соңы бұршаққа ұласты. Ал, таң ата күн күркіреп, найзағай ойнады. Тұрғындардың айтуынша, бұршақты жауын шамамен 10 минуттай жауған. «Ең үлкен бұршақтардың диаметрі 3 сантиметрге дейін жетеді», - дейді олар. Жалпы Қазгидромет 11-13 мамыр аралығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады желдің күшеюі күтіледі деген болжам жасап отыр. Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр болады.
Ғани ҚАЛМАХАН
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06