Қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелер кезінде 12 күн демалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелер кезінде 12 күн демалмақ

19.04.2016
Қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелер кезінде 12 күн демалмақ

Қазақстандықтар мамыр айында үш мерекені – Қазақстан халықтары бірлігі күні (1 мамыр), Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) және Жеңіс күнін ( 9 мамыр) атап өтеді. Бірқатар мерекелік күндер әдеттегі демалыс күндеріне сәйкес келіп қалғандықтан, мамырда қазақстандықтар 2,9 және 10 мамыр күндері қосымша демалыс күндері ретінде демалады.

Осылайша, мамыр айының 1, 2, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 21, 22, 28 және 29-ы күндері ресми демалыс болып жарияланды.

Хабарламаларға жазылу