Жыл сайын балабақшалардан мектеп жасына жеткен балалар кеткен соң 3000-ға жуық орын босайды. Аталған мекемелердің меңгерушілері босаған орындарға қабылданатын балалардыңжасы мен саны көрсетілген өтініштер береді, деп хабарлайды astana.kz.
Айта кетейік, жалпы орындар санының 20-25 пайызы жеңілдікті кезек бойынша өтетін балаларға беріледі. Қалғаны 2-6 жас аралығындағы балаларға бөлінеді. Әр жастағы балаларға 600-700-ге жуық орын бөлінеді.
Астана қаласының Білім басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша, биыл балаларды қабылдау 2 маусымнан 2 шілдеге дейінгі аралықта өтеді. Содан кейін ата-аналарға балабақшаға жолдамалар беріледі.
Жұмыс комиссиясы баланың жасына қарай кезек бойынша қабылдайды. Мысалы, 2012 жылы туған балаларды қабылдау 2-5 маусымда, 2011 жылы туғандар 9-12 маусымда, 2010 жылы туғандар - 13-16 маусымда, 2009 жылы туғандар 18-19 маусымда, 2008 жылы туғандар 23-24 маусымда жүргізіледі.
Жұмыс комиссиясы №61 орта мектепте сағат 15.00-18.00 аралығында күніне 300 адам қабылдайды. Жеңілдікті санат бойынша азаматтар құжаттарын осы жылдың 25 мамырына дейін тапсыруы керек.
Жұмыс комиссиясы №61 орта мектепте сағат 15.00-18.00 аралығында күніне 300 адам қабылдайды. Жеңілдікті санат бойынша азаматтар құжаттарын осы жылдың 25 мамырына дейін тапсыруы керек.
Ал кешіккен жағдайда құжаттар тек келесі қабылдау кезінде, яғни 2015 жылы ғана қаралады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті. Өйткені жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1 пайызға (850-900 балаға) артуда.
Айта кетейік, қазіргі уақытта баланы балабақшаға орналастыру мәселесі аса өзекті. Өйткені жыл сайын бала туу көрсеткіші орта есеппен 1,1 пайызға (850-900 балаға) артуда.
Сонымен қатар, халықтың елордаға көшіп келуі де ұлғаюда. Жыл басында мұндағы халықтың өсімі 4369 адамды құрады.