Марста Жердегі өсімдіктер өсірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марста Жердегі өсімдіктер өсірілмек

11.05.2014
Марста Жердегі өсімдіктер өсірілмек
Марста жер бетіндегі  өсімдіктер өсірілмек. Осындай тәжірибені жүргізу мақсатында 2020 жылдың ортасында қажетті жабдықтарды жеткізу үшін М2020 кемесі ұшырылатын болады. Кеме Марсқа 2021 жылы жетеді, деп жоспарлануда.
 
«Mars Plant Experiment» деп аталатын бұл тәжірибе адамдардың «Қызыл ғаламшарды»пайдалануына жасаған алғашқы қадамдарының бірі, деп жазады dailytechinfo.org.
 
«Марста ұзақмерзімді және өмір сүруге қолайлы жағдайдың негізін қалау үшін біз алдыменөсімдіктер аса қолайсыз жағдайларда өмір сүре ала ма, соны білуіміз керек», - дейді Эймс атындағы НАСА зерттеу орталығының қызметкері және МРХ жобасының ғылыми жетекшісі Хизер Смит.
 
«Біздің тәжірибеміз осы бағыттағы бірінші қадам болмақ. Біз Марсқа өсімдіктердің тұқымдарын жіберіп, олардың сол жерде қаншалықты өсу мүмкіндігі бар екенін байқаймыз».
 
Ғарыш құрылғысы Марсқа жеткен соң тұқымдар суарылып, екі аптаға жуық уақыт бойы өсіріледі.
 
«Егер бәрі жақсы болса, онда 15 күннен кейін алғашқы шағын марстық жылыжайдың куәгері бола аламыз. Тәжірибе бізге Марстағы қоршаған ортаның қолайсыз факторларының, соның ішінде, атмосфераның ерекше құрамының, радиацияның жоғары деңгейінің және Жер бетіндегі ауырлық күшінен 40 пайызға аз ауырлық күшінің тірі организмдерге әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл өсімдіктер басқа планетада өсіп-өніп, сол жерде тіршілігін жоятын алғашқы көпжасушалы организмдер болып табылмақ», - дейді Хизер Смит.

Хабарламаларға жазылу