Алматы облысында алма бақтарының аумағы 20 мың гектарға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында алма бақтарының аумағы 20 мың гектарға жетті

17.02.2016
Алматы облысында алма бақтарының аумағы 20 мың гектарға жетті

20 мыңның 1973 гектарында «апорт» алмасы өсірілмек. Биыл Алматы облысында 1350 гектар алқапта ірі бақтар пайда болмақ. Атап айтар болсақ, Панфилов ауданындағы «Жаркент Фрукт» ЖШС, Еңбекшіқазақ ауданындағы «Алма Грин Филд» ЖШС және Ұйғыр ауданында «Алма Продэкс» ЖШС.

Осы алқаптардың 681 гектары тамшылап суғарудың соңғы үлгідегі заманауи технологияларын пайдалану арқылы алма бақтарын өсіруге арналатын болады. Бұл жыл сайын 34 мың тоннадан астам өнім жинауға мүмкіндік беретін болады.

Хабарламаларға жазылу