Батыс Қазақстан: Октябрь елді мекенінде өрт сөндірушілер екі әйелді құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан: Октябрь елді мекенінде өрт сөндірушілер екі әйелді құтқарды

10.05.2014
Батыс Қазақстан: Октябрь елді мекенінде өрт сөндірушілер екі әйелді құтқарды
 
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы, Мичурин ауылдық округіне қарасты Октябрь елді мекенінде қос қабатты тұрғын үй өртенді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған.
 
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан екі пәтердің жиһаздары, қабырғалары мен төбелері түгелдей жанып кеткен.
 
Мамандандырылған №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері  екі әйелді құтқарды. Зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.
 
Қазіргі өрттің шығу себебі мен одан келген шығын анықталуда.

Хабарламаларға жазылу