Жақында Ресейден кеткен «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуров Сент-Китс және Невиске көшуді жоспарламайды, деп хабарлайды La Repubblica.
«Мен ешқашан онда болған емеспін. Көшуді де жоспарламаймын», - дейді ол.
Қазір Павел Дуров Орталық Европада. Алайда ол сақтық үшін дәл қай қалада екенін айтпай отыр.
Бұған дейін оның Сент-Китс және Невистің азаматтығын алғаны белгілі болған.