Жұма күні түнде белгісіз біреулер Нигерияның солтүстік-батысында Борно штатындағы көпірді жарған. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға салдарынан 30 адам қаза тапқан, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Құтқарушылардың айтуынша, үйінде астында әлі де адамдардың болуы мүмкін. Бұл әрекетті кім жасағаны әзірге белгісіз. Дегенмен, болжам бойынша жарылысты «Боко Харам» тобының содырлары жасауы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Жарылыс Гамбору-Нгала қаласында жергілікті тұрғындар содырлар қолынан мерт болған адамдарды жерлеу барысында болды. Ол кезде сауытты көлікке менген «Боко харам» лаңкестері үйлер мен дүкендерге оқ жаудырған болатын. Соның салдарынан 200-ден астам адам қаза тапқан еді.