Шри-Ланкада аспаннан балық жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкада аспаннан балық жауды

10.05.2014
Шри-Ланкада аспаннан балық жауды
Шри-Ланканың Чилау қаласы маңындағы кішкентай ауылда балық аралас жауын жауды. Жаңбырдан кейін жергілікті тұрғындар 50 келі балық жинаған, деп хабарлайды Mirror.
 
Ғалымдар бұған жақын маңдағы ауылдарда болған  дауыл әсер етті деген пікірде. Ал мұндай жағдай бірнеше рет болған. Бір кездері Шри-Ланкада теңіз өнімдері аралас жаңбыр жауған екен.
 
Ал 2012 жылы аралдың оңтүстігінде болған қатты дауылдан кейін аспаннан шаян жауған.

Хабарламаларға жазылу