Шри-Ланка астанасы Коломбода дүйсенбіде тағы бір жарылыс болды
«Рейтердің» мәліметінше, бейтараптандыру жұмыстары кезінде христиан шіркеулерінің бірінің қасында тұрған фургонның күлі көкке ұшқан. Көлік жарылғыш заттарға толы болған екен. Бұған дейін полицейлер қаланың автобус тұрақтарының бірінің маңынан 87 детонатор тапқан еді. Ал, Шри-Ланка үкіметі елде терактінің дайындалып жатқаны туралы мәліметті екі апта тұрын шетелдік арнайы қызмет органдарынан естіген. Ал, 5 күннен кейін оны жүзеге асыратын қылмыскерлердің де есімдері белгілі болса керек. Сәуірдің 21-інде Шри-Ланкада ел тарихындағы ең ірі терактілер болды. 8 жарылыстан 290 адам қаза тауып, 500-ге жуығы жараланды. Құрбан болғандардың арасында 13 елдің азаматтары бар, сол себепті оқиғаны тергеу халықаралық деңгейде жүргізіледі.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04