Біз өткенді өнеге, қазіргіні қастер тұтамыз - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біз өткенді өнеге, қазіргіні қастер тұтамыз - Н.Назарбаев

06.05.2014
Біз өткенді өнеге, қазіргіні қастер тұтамыз - Н.Назарбаев
Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету - әрбір патриоттың  парызы. Бүгін Ақордада әскери және қызметтік парызын абыроймен атқарған бірқатар азаматқа мемлекеттік награда табыстаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Бүгін еліміздің Қарулы күштерінің мемлекеттік мерекесі күні қарсаңында, Отан соғысының мерекесі қарсаңында Қарулы күштердің Жоғарғы Қолбасшысы ретінде, Елбасы ретінде сіздерді жоғарғы мемлекеттік наградамен марапаттауға шақырып отырмын. Бұл - Отан алдындағы мінсіз міндеттеріңізді мемлекеттің бағалағаны»,-  деді Н.Назарбаев.
 
Мемлекет мүддесін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету - әрбір патриоттың ісі екендігін баса айтқан Мемлекет басшысы: «Біз өткенді өнеге, қазіргіні қастер тұтамыз. Ертеңгі күнге үмітпен қарайтын халықпыз. Осылайша, асыл арманымызды қажырлы еңбек, батыл әрекет арқылы жүзеге асырамыз. Әскери және қызметтік борышты абыроймен атқарып, Отанға  қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Сол үшін барша Қазақстан халқы атынан ризашылығымды білдіремін», - деді.
 
ҚазАқпарат

 

 

Хабарламаларға жазылу