Ғабдуллин мұрасы – ұрпаққа өнеге - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғабдуллин мұрасы – ұрпаққа өнеге

05.03.2019

Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллин шығармаларының 11 томдық жинағына мектеп оқушылары жоғары қызығушылық танытуда. Өткен жылы жарыққа шыққан кітаптарды қазір балалар зерттеу жұмыстарына кеңінен қолданып жүр. Жинақты құрастыруға бірнеше жыл уақыт кеткен. Бұл бағытта Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин музейі қызметкерлерінің еңбегі мол. Кітаптар республика бойынша Мәлік Ғабдуллин атындағы 8 мектепке және барлық облыстық кітапханаларға таратылды. Ал, Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының оқушылары баһадүр батыр туралы көп оқып, оның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Жұлдызай Амангелдиева, оқушы:

- Бізде Ғабдуллиншілер клубы бар, яғни біз Мәлік Ғабдуллиннің өмірін, хаттарын жиі зерттейміз. Сол зерттеулерге осы кітаптар бізге үлкен көмек көрсетті. Керемет әдістемелік құрал болды. Себебі бұл кітапта Мәлік Ғабдуллиннің естеліктері мен публицистикалық еңбектері бар.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу