Елбасы Головкинге: Бәрін жеңіп, елге орал (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Головкинге: Бәрін жеңіп, елге орал (ВИДЕО)

22.04.2016
Елбасы Головкинге: Бәрін жеңіп, елге орал (ВИДЕО)

29 қаңтарда Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезді өткен еді. Шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атақты боксшымыз Геннадий Головкинге алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.

«Сен шаршы алаңға шыққанда бүкіл Қазақстан саған жанкүйер болады. Біз сені мақтан тұтамыз. Барлық қарсыласыңды жеңіп, елге орал», деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, 23 сәуір күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында Головкин-Уэйд жекпе-жегі өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті жексенбі, 24 сәуірде, 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу