WBA тұжырымының орта салмақ дәрежесіндегі уақытша чемпионы, кубалық Эрисланди Лараның (19-1-2, 12 KO) менеджері Луис деКубас BoxingScene.com порталына берген сұхбатында өз боксшысының WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен 29-0, 26 КО) жекпе-жекке шығу үшін салмағын бір санат жоғары көтеруге дайын екенін мәлімдеді.
Сенбі күні, Эрисланда Лара твиттердегі өз парақшасында Головкинді жекпе-жекке шақыратынын жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 26-шы сәуірде, Madison Square Garden аренасында өткізеді. Бұл кездесуді HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
ДеКубастың айтуы бойынша, Эрисланди Лара жексенбі күні одан Головкинмен жекпе-жекті ұйымдастыруын өтінген.
«Орта салмақтағы әлемнің мықты боксшылары Ларамен және Головкинмен жекпе-жекке шығудан тайсалады. Сондықтан бұл екеуін рингте неге жолықтырмасқа ?», - деді ДеКубас.
Қос боксшының промоутерлері - K2 мен Golden Boy арасында бұл жекпе-жекті өткізуге ешқандай кедергі жоқ. Тек HBO телеарнасы мен Golden Boy промоутерлік компаниясы арасында 2013 жылдың басында іскерлік байланыстың үзілуі бұл жекпе-жектің өтуіне кедергі болуы мүмкін.
Фото: allboxing.ru
|