Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі АҚШ-та өткен кинофестивальде марапатталды
АҚШ-тың Нэшвилле қаласында 17-26 сәуір аралығында өткен халықаралық 45-ші «Үздік фильм» кинофестивалінде Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі «Ерекше есте қалған туынды» марапатын жеңіп алды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты.
Жарыс қорытындысы бойынша, мексикалық режиссер Фернандо Эймбкенің «Құлпынай сэндвич» картинасы үздік фильм деп танылды. АҚШ-тың ең тарихи кинофестивалдерінің бірі саналатын Нэшвилле қаласында өткен бұл халықаралық конкурс алғаш рет 1969 жылы өткізілгенін айта кету керек.
Жыл сайын бұл сайыста 40 мемлекеттің 200-ге жуық туындысы бақ сынайды.
«Бауыр» фильмі әлемдік премьерасын 70-ші Венециялық кинофестивалінде өткізді. Венециялық кинофестивалден кейін дереу ІХ Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысып, екі бірдей, яғни үздік режиссерлігі үшін және НЕТПАК сыйлығын жеңіп алған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08