Күннен қуат алатын автокөліктер тиімді ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күннен қуат алатын автокөліктер тиімді ме?

22.04.2014
Күннен қуат алатын автокөліктер тиімді ме?
Күн энергиясын пайдалану – өте терең ғылыми-зерттеу және  күрделі техника мен  технологияны қолдануды қажет ететін сала. Қазір Дания, Гол­ландия, Түркия, Греция күн энергиясын толықтай тиімді пайдаланып келеді. Бүгінде  еуропалықтар күннен қуат алатын автокөліктер де шығарып жатыр.
 
Мамандардың айтуынша, мұндай көлікті біздің елде шығару тиімсіз. Себебі, «16 миллионнан асатын біздің хал­қымыз ондай нарық үшін аз болып саналады. Яғни, күн энергия­сынан от алатын көліктерді шығару бізде өз шығынын ақтай алмай қалады».
 
Елімізде күннен қуат алатын көліктер бар ма? Сіздіңше, біздің елде мұндай автокөліктерді шығару тиімді ме? Олардың ерекшелігі не? Экологияға әсері қандай болмақ?
 
Бұл сауалдарға жауапты бүгін 19.10-да «EXPO жолы» хабарынан ала аласыздар.

Хабарламаларға жазылу