Голландиялық өнертапқыштар күннен қуат алатын көлік жасауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голландиялық өнертапқыштар күннен қуат алатын көлік жасауда

27.10.2017

Күн сәулесінен алған қуаты бір айға жететін электромобиль. «Лайтиэр» атты мұндай ерекше машинаны голландиялық өнертапқыштар жасап жатыр. Өзін-өзі қуаттайтын автомобиль 4 адамға шақталған және де оның салмағы өте жеңіл.

Яғни, мұндай көлікке артық жүк салуға болмайды.  Өзге электрокарлардан басты ерекшелігі - ол күннен күш алып, қуаттайтын арнайы станцияны қажет етпейді.

Мұндай машиналар 2019 жылы зауыттан шығарыла бастайды.   

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу