Солтүстік Қазақстан облысындағы «Челябинск-Новосібір» тасжолында судың деңгейі 40 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.
Соның салдарынан «Челябинск-Новосібір» тасжолының 528 шақырымында барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Айналма жол «Петропавл-Астана» және «Астана-Омбы» жолдары арқылы өтеді. Оқиға орнында тасыған суды құбырлар арқылы тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол бойында тәулік бойы бақылау орнатылған.