Су тасқынына байланысты үш облыстағы жолдар жабылды
Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жолдарында көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысында 27 шақырымын су шайып кеткен «Семей-Қайнар» жолының кей бөлігінде барлық көлік түрлерінің жүрісі шектелген. Қарағанды облысында қарғын судың тасуына байланысты «Ақшатау-Ақадыр» жолының 166-шы шақырымында 750 метр жерді су алып кеткендіктен, оның 90-167 шақырымы аралығы барлық көлік түрлеріне жабылды. Сонымен қатар, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 141-ші шақырымындағы тұсын су басып қалды.
Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты «Самара-Шымкент» жолының 2217-2235 шақырымы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихи құнды жәдігер табылды
11.06.2026, 10:25
Халықаралық «New Vision Forum 2026» форумы басталды
11.06.2026, 10:22
Сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтар да онкоскринингтен тегін өтеді
11.06.2026, 10:20
Жыл басынан бері 475 адамды кене шаққан
11.06.2026, 10:18
Албания астанасы Тиранада мыңдаған адам шеруге шықты
11.06.2026, 10:17
Пәкістан әуе күштерінің шабуылынан 13 адам қаза тапты
11.06.2026, 10:15
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
11.06.2026, 10:14
Астанада халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі басталды
11.06.2026, 10:11